Туған күніңмен, МузАРТ!

Елдің ең сүйікті тобы «МузАРТ»- 17 жаста. Әсем әндерімен талай жанның жүрегіне жол таба білген топ 2001 жылдың сәуір айында құрылған.

Топтан үлкен ансамбльге айналған «МузАРТ» туралы 17 деректі назарларыңызға ұсынамыз:

1. МузАРТ — Қазақстандық вокалды-аспапты ансамбль. «МузАРТ» – көне түркі тілінен шыққан, «УЗ» – сал, сері, тағы сол сияқты ер азаматқа тән қасиеттерді, ал «АРТ» - биік, шың, тау деген мағынаны білдіреді.
2. «МузАРТ» тобы 2001 жылдың сәуір айында трио ретінде құрылған болатын. Топ құрамында: Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаев және Мақсат Базарбаев болды.
3. Топтың алғашқы орындаған әні – Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Қанат Ибраимовтың «Сенің көзің» атты шығармасы. Бұл әнді олар алғаш рет Алтынбек Қоразбаевтің концертіне алып шығады. Содан бері МузАРТ елге таныла бастады.
4. 2003 жылы 16-17 желтоқсан «Өз елім» атты жеке концерті өтті.
5. 2005 жылы топтың құрамындағы Мақсат Базарбаев жеке әншелікке бет бұрып, оның орнына Кенжебек Жанәбілов келді.
6. 2007 жылы «Музарт» тобының құрамына жанды дауыста ән шырқау мақсатында шынайы аспаптар сүйемелдейтін музыканттар алынып, вокалдық-инструменталдық ансамбльге кеңейтілді.
7. 2009 жылы Алматы облысындағы «Максимум» Акционерлік Қоғамы өнімдерінің біріне ансамбльдің атын беруді ұсынды.
8. 2015 жылы «МузАрт» тобының «Ұлы Дала» атты ұялы қондырғыларға арналған альбомын жасалды! Қазақстанда алғаш рет шыққан «Smart» альбомды осы топ мүшелері дайындады.
9. 2016 жылы аты аңызға айналған топ өз ізбасарларына таңдау жасады. 60000 қатысушы бақ сынаған жобада ең таңдаулы деген төрттік анықталды. Жеңімпаздардан құрылған топ «МузАРТ live» атауымен аталды.
10. Топтың репертуарында эстрадалық және халық әндерi бар, әсiресе ретро әндер басымдырақ. Әндердiң барлығын ана тiлiмiзде ұлттық нақышпен орындайды.
11. «МузАрт» тобының 10 әніне бейнебаян түсірілген.
12. Елімізде Музарт есімді балалар көбейген.
13. Сәкен Майғазиевке дейін трионың үшінші әншісі ретінде Саят Медеуовті ұсынылған.
14. 2011 жылы «МузАРТ» тобына 10 жыл толуына байланысты 27 сәуір күні Астана қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында мерейтойлық концертері өткізіледі.
15.  2013 жылы «МузАРТ» тобына 12 жыл толуына байланысты 20-сәуір күні Алматы қаласындағы Республика Сарайында концерт берді.
16. 2016 жылы «МузАРТ» тобына 15 жыл толуына орай 8 шілде күні Астанада «Қазақстан» орталық концерт залында үлкен концерттерін берді.
17.  Топ құрылғалы бері топтың арт-директоры қызметін Ерлан Жүнісбай, музыкалық продюсері қызметін Бексұлтан Арман атқарып келеді.





#МузАРТ 17 жыл @saken_maigaziyev @maksat_bazarbay @kenzhebekmuzart @yerlan_zhunisbai @yerlanbass @gala_artykbaev @maksitomuzart @armanbeksultan @muzart_fc @muzart_official #ТуғанКүн

Публикация от Meirambek Besbaev (@m_besbaev)