Адам баласында шамамен қанша шаш болады?

Қазіргі таңда кез келген адам өзіне арнайы жарасатын шаш үлгісін таңдайды. Тіпті ол үшін түрлі әдістер жасайды. Адам көркін ашатын шаш жайлы қызықты ақпарат төмендегідей:

1) Бір айда шаш 1,5-2 сантиметрге дейін өссе, жылына 12-15 сантиметрге дейін өседі екен.

2) Түнгі уақытқа қарағанда күндіз шаш тезірек өседі.

3) Ер адамдарға қарағанда, әйел адамның шаштары тезірек өседі, әсіресе, 15-30 жас аралығында байқалады.

4) 14-17 жас аралығында шаш жылдам өседі.

5) Адам баласында шамамен 100 мың шаш өседі.