«Nazar» тобының құрылғанына 7 ай болды. Арулар аз уақытта бірнеше әнді тыңдарманға таныстырып үлгерді. Жетекшісімен 7 жылға келісім шарт құрған қыздар біраз жоспарларын кейінге шегеруі тиіс.
Бұл туралы GIRLS BAND Қазақ радиосындағы «Ән салLike» бағдарламасында бөлісті.
«Келісім шарт туралы толық айтуға боолмайды. Ол коммерциялық құпия болып саналады. Қыздар енді өмірге ана болу үшін келеді. 7 жыл деген көп уақыт емес. Себебі, 7 ай уақыт көзді ашып жұмғанша өтіп кетті. Әзірге тұрмысқа шығу туралы ойымыз жоқ. Қазіргі уақытта бар ойымыз жұмыста. Топқа өз еңбегімізді сіңіріп, қазақ эстрадасына өз үлестерімізді қосқымыз келеді», - дейді топ мүшелері.
Оқи отырыңыздар:
«Nazar» тобы бұған дейінгі сұхбатында өздерін КешYOUмен салыстырмауын сұраған болатын.