Әзілхан Нұршайықов қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметовамен майдан даласында сан мәрте жүздескен жазушы. Мәншүк ерлікпен қаза тапқанда Әзілхан аға батыр қызға арнап өлең жазып, майдандық газеттерге жариялайды. Оны оқыған мыңдаған жауынгердің жауға деген өшпенділігі оянады.
Жеңістің 30 жылдығында, яғни 1975-ші жылы Әзілхан Нұршайықов Қазақ радиосына Мәншүк жайлы естелік әңгіме айтып берген екен. Ол "Алтын қорда" сақталған. Сол сыр-сұхбатты тыңдағыңыз келсе бүгін сағат 15,10-да эфирге шығатын "Дәуір үні" хабарын өткізіп алмаңыз.