Біз бүгін сіздермен компьютерлік пернетақтадағы жұмысты оңайландыратын әдістерді көрсететін боламыз.
Пернетақтадағы пернелер комбинациялары
1. F2
Бұл перне жәшіктер мен файлдардың атын өзгертуге оңай көмектеседі. Тек бір рет бассаңыз болғаны.
2. ALT + F4
Бұл комбинация терезені немесе бағдарламаны тез жабуға көмектеседі.
3. ALT + Backspace
Мәтіннің бөлігін кездейсоқ жойып алдыңыз ба? Бұл қорқынышты емес, себебі осы комбинациясының арқасында оны қалпына келтіруге болады.
4. CTRL + SHIFT + N
Көпфункционалды перне. Егер осы әдісті жұмыс үстелінде (немесе басқа папкада) бассаңыз, жаңа жәшік пайда болады. Ал Google Chrome-да бұл әдіс қосымша бет жасайды.
5. CTRL + T
Ал, бұл комбинациямен кез келген браузерде жаңа бет аша аласыз.
6. CTRL + SHIFT + T
Кенеттен жұмыс істеп жатқан қойындыңды жауып алсаң, дәл осы комбинациямен соңғы жұмыс істеген қойындыңды аша аласың.
7. ALT + TAB
Барлық ашық терезелердің арасында ауысуға мүмкіндік береді.
8. CTRL + Esc
Бұл әдіспен «Пуск» мәзірін аша аласыз.
9. Windows + L
Көптеген адамдар Win пернесі жарамсыз деп ойлайды, бірақ бұл мүлдем олай емес. Мысалы, бұл комбинация кез келген системадан тез шығуға көмектеседі.
10. Windows + TAB
Терезе ашылған сәттегі барлық ашық дүниелерді көруге мүмкіндік беретін комбинация.
Енді осы әдістердің арқасында жұмысыңызды жеңілдетіңіз. Әдістеріміз керегіңізге жарасын.
Пернетақтадағы 10 құпия комбинация
11.05.2018