Мұқасан Шахзадаев – Өкпелеме

әні: Самат Рыспанбет;
сөзі: Қайнар Алагөзов


Қара көздің жаңғырын,
Жасыра біл жан гүлін.
Біздің қолдан не келер,
Қоспаса таңдырың.

Жүрегім сен күрсінбе,
Кеудеме кеп дүрсілде.
Өтіп кеткен күндерге,
Өкпелеп жүрсіңбе?

Өкпелеме өмірің бүгінмен шектеле ме?
Өкпелеме шын сүйгенін жүрек жек көре ме?
Өкпелеме!

Арманымның аруы,
Жалғанымның жарығы.
Ойлатпады ештеңе,
Жастықтың жалыны.
Күзде жетер көктемге,
Басқа шара жоқ менде.
Өкпелеме сен маған,
Өкінбе өткенге.

Өкпелеме өмірің бүгінмен шектеле ме?
Өкпелеме шын сүйгенін жүрек жек көре ме?
Өкпелеме өмірің бүгінмен шектеле ме?
Өкпелеме шын сүйгенін жүрек жек көре ме? 
Өкпелеме!