«Доллар деген Крассула гүлі. Крассула гүлінің әрбір жапырағы топыраққа түсіп қалса да өсе береді. Мүмкін соған байланысты айтылған шығар» - дейді Гүлістан журналының бас редакторы, профессор Гөзел Құлдабаева Қазақ радиосы «Табиғат және біз» бағдарламасында берген сұхбатында.
«1 литрлік тегіде кем дегенде 1500-2000 данасын сатып ала аласыз. Енді оның 50 жапырағы бір жылдан кейін 50 гүл болып өсіп тұрса, ақша деген сол емес пе? Крассула сукулентке жатады. Оған көп су құюдың қажеті жоқ. Ол көп суда керісінше шіріп кетеді. Бұның топырағының ішінде кішкене қиыршық тастар, құм, толық жанбаған ағаш және топырақ болу керек. Оған ең бастысы күн керек. Көбі қателесіп көлеңкеге қойып қояды. Оның үй жағдайында гүлдеуі өте сирек. Гүліне қарағанда тиын сияқты жапырақтары әдемі» - дейді профессор.