Ақын Бауыржан Қалиолланың жаңа туындысы жарық көрді

Бүгін Қазақстан Жазушылар одағында ақын, журналист Бауыржан Қалиолланың шығармашылық кеші өтеді.

Шарада қаламгердің «Жан тебіренісі» атты туындысының тұсауы кесіледі.

Шығармашылық басқосуда ақынның өлеңдері оқылады.

Жиынға автордың қаламдастары жиналады. Олар тұсауы кесілмек туынды туралы ойларын ортаға салады.

Бұл туралы Қазақ радиосындағы «Армандастар» бағдарламасында айтылды.

Айта кетейік, Бауыржан Халиолла Ергенұлы, 1979 жылы 24 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Қособа ауылында туған. 2001 жылы Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген.

«Жұмбақ қыздың жанары» («Жазушы» баспасы, 2001 жыл), «Нәзік бұлт көшіп барады» (Орал қаласы, 2005 жыл), «Жұлдыз жауған жарық түн»(2012 жыл, Орал) атты жыр жинақтары жарық көрді. Халықаралық, республикалық айтыстардың жеңімпазы.