Сәуле Стаханшылқызына 40 сұрақ

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері Сәуле Стаханшылқызы Жанпейісованың Қазақ радиосы «136 сұрақ» бағдарламасында әсерлі жауап берген 40 сұрақ.
  1. Өзіңізді үш сөзбен сипаттасаңыз? – Әнші, ұстаз, қазақтың қайсар қызы.
  2. Сүйікті сөзіңіз? - Айналайын.
  3. Ұнатпайтын сөзіңіз? – Ондай жоқ.
  4. Достарыңыздың сізге қойған лақапаты? - Таскөз.
  5. Жасырын білмейтін қабілетіңіз? – Режисерлік.
  6. Соңғы рет барған еліңіз? – Түркия.
  7. Барғыңыз келетін қала? – Америка.
  8. Өзіңізді еркін сезінетін қала? – Алматы.
  9. Өзіңіздің бойыңызда жоқ, бірақ, бар болғанын қалайтын өнер түрі? – Режисерлік.
  10. Өзіңізбен үнемі бірге алып жүретін үш зат? – Домбыра, ұялы телефон, ақша.
  11. Сүйікті кітабыңыз? – Абайдың кітаптары.
  12. Егер сіз жануар болсаңыз, қай жануар түрі болуды таңдар едіңіз? – Жылқы.
  13. Өз бойыңыздағы үш жаман қасиетіңіз?– Кешігу, ұйқы, сенгіштік.
  14. Сүйікті мақалыңыз? – «Қайнайды қаның, ашытты жаның» .
  15. Сүйікті жазушыңыз? – Ілияс Есенберлин.
  16. Ер адамның бойында міндетті түрде болу керек басты үш қасиет? – Сөзімен ісі бірдей, адалдық, еңбекқорлық.
  17. Ең сүйікті әніңіз? – «Бір бала».
  18. Сізге үлгі болар ғашықтар? – Төлеген мен Қыз жібек.
  19. Сіздің сүйікті дәстүрлі әншіңіз? – Ғарифолла Құрманғалиев.
  20. Сүйікті эстрада әншіңіз? – Жұбаныш Жексенұлы.
  21. Жалғыз уақыт өткізуді ұнатасыз ба? – Иә, ұнатамын.
  22. Ессіз аралға өзіңізбен бірге алып кететін үш зат? – Домбыра, кітап, тамақ.
  23. Сіз үшін репертуарыңыздағы ұнамайтын ән? – «Ақ жаңбырлар».
  24. Сәуле Жанпейісова қабылдай алмайтын әншілер? – 91 тобы.
  25. Дәстүрлі әншінің бойында болу керек басты үш қасиет? – Адалдық, көрегенділік, талғампаз.
  26. Арманыңыз? – Дәстүрлі өнердің орталығы болса екен.
  27. Нені кешіре алмайсыз? – Сатқындықты.
  28. Сырласыңыз? – Қызым.
  29. Сүйікті жыл мезгіліңіз? – Көктем.
  30. Ұнамайтын спорт түрі? – Дзюдо, футбол.
  31. Мектепте ұнатпаған пәніңіз? – Химия.
  32. Ең бағалы автограф? – Тынышпай Рахымнан.
  33. Қай ғасырда өмір сүріп көргіңіз келеді? – ХІХ ғасыр.
  34. Басты мақсатыңыз? – Халыққа адал қызмет ету.
  35. Өз кәсібіңізге 1 мен 10 аралығында берер бағаңыз? – 5.
  36. Сізге сәттілік алып келетін сан? - 5.
  37. Ақшаны ұстай аласыз ба? – Ия.
  38. Сізге сыйланған ең қымбат сыйлық? – 10 мың доллар.
  39. Бүгінгі күннің батыры? – Тоқтар Әубәкіров.
  40. Өзіңізге айтар тілегіңіз? – Денсаулығың мықты болсын.