Uber гибридты ұшақ пен тікұшақтың жаңа концепциясын ұсынды

Uber Компаниясы 2023 жылы пайдаланылуға беріледі деген гибридты ұшақ пен тікұшақтың жаңа концепциясын ұсынды.

Жоспар бойынша бұл аппараттың төрт көлденең айналмасы болады деп отыр. Ұшу биіктігі 600 метрді құраса, қону аймағы қалада орналасқан биік ғимараттардың шатыры болады деп жоспарлануда.

Бұдан өзге әуетаксиі алғашқы кездеұшқышпен кейінірек жерден басқару арқылы әуеге көтерілетін болады.
Uber бұл әуетаксидің құрастыру жұмыстарына араласпайды, бұл жұмыстармен Bell Helicopters, Embraer и Pipistrel компаниялары айналысатыны белгілі болды.

Бұл ақпарат Қазақ радиосының «Аң-таң» бағдарламасында айтылды.