Ертең Астана экономикалық форумы басталады

Атаулы шараға бүгінде 111 елден барлығы 5 мыңға жуық қатысушы тіркелген. Форум қарсаңында Астанада «АЭФ-2018-ге барамын» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды, - деп хабарлайды Қазақрадиолары Жаңалықтар қызметінің тілшісі Ақерке Нұрмұхаммед.

Бүгін бас шаһардағы «Hilton» отелінде сайыс жеңімпаздарын ресми марапаттау рәсімі өтті. Аталған байқауға қатысушы қазақстандық әлеуметтік медиа пайдаланушылары мамырдың 4-і мен 15-і аралығында жеке аккаунттарында Форумның ресми хештегтерімен АЭФ-ке неліктен барғысы келетіні тақырыбындағы жазбаларын немесе бейнероликтерін жариялады. Жеңімпаздар АЭФ-кетегін бару мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар финалға шыққандардың Астана экономикалық форумының атақты спикерлерінің бірімен фотоға түсуге керемет мүмкіндігі бар.

Байқау жеңімпаздары: Әйгерім Тасболат – Халықаралық бизнес және коммуникация колледжінің студенті, Алматы қаласы; Әйгерім Серікжанова - Жас Отан жастар қанатының өкілі, Астана қаласы; Сонар Ержан – Мирас университетінің студенті, ОҚО; Шайхислам Лайсханов – PHD докторы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы, Алматы қаласы; Надира Сырлыбаева – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті, ОҚО.