Астана күніне қандай мерекелік іс-шаралар өтеді

Елорданың 20 жылдығы шеңберінде алты жүзден астам іс-шарадан тұратын ауқымды мерекелік бағдарлама дайындалды, деп хабарлайды Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы. 

Олардың арасында дәстүрлі болып үлгерген және жаңа концерттер мен іс-шаралар бар, сондай-ақ алдағы мерекелік салтанаттардың жақұты болатындары да бар:

1) жетекші сән үйлерінің қатысуымен өтетін «Kazakhstan Fashion Week» жоғары сән апталығы (24-26 мамыр, Тәуелсіздік Сарайы);
2) қазақстандық және ресейлік жұлдыздардың қатысуымен Open Air форматында өтетін «Ұлы дала бірлігі» концерт-шоуы (29 мамыр, «Қазақ Елі» монументі жанындағы алаң);
3) Қазақстан, Ресей, Белоруссия және Арменияның үздік құрамаларының арасында өтетін КВН Жоғарғы лига жеңімпаздарының «Еуразия Кубогы» халықаралық турнирі (4 шілде, «Барыс Арена» көпфункционалды мұз сарайы);
4) «Hip-Hop Fest», «Rock Fest», «DJ Fest» халықаралық заманауи музыка фестивалі (29 маусым мен 1 шілде аралығында, «Алау» мұз сарайы);
5) «Астана Арқау» халықаралық түркі музыкасы фестивалі (4-6 шілде, Есіл өзені жағалауында Амфитеатр);
6) «Spirit of Astana» халықаралық заманауи этникалық музыка (5-6 шілде, «Бәйтерек» монументі алдында).

Басты салтанат – 5 шілдеде «Қазақ елі» монументінің жанындағы алаңда өтетін Гала-концерт болмақ. Елордада 25 маусым мен 6 шілде аралығында 61 іс-шара өтеді.

Барлық мерейтойлық концерттер, акциялар, жарыстар мен өзге де іс-шаралар туралы толық мәлімет дәстүр бойынша 21 мамырдан бастап www.astanaday.kz сайтында жарияланады. 

Атап айтқанда, аталмыш ресурста өткізілу орындары, билеттердің бағалары мен сату орындары туралы ақпарат; анонстық материалдар; БАҚ-қа арналған баспасөз-релиздер; жолдардың жабылуы мен тұрақ орындары жайлы ақпарат және т.б. көрсетілген түбегейлі мәліметтер қолжетімді болады.   

Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін «iKomek» қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы базасында барлық қажетті ақпаратты мемлекеттік және ресми тілде алуға болады, онда «109» жедел нөмірі бойынша тәулік бойы колл-орталығының қызметі жоспарлануда. 

Елорда күнінің мерейтойын Астана қаласында атап өтуге тек қана Қазақстаннан ғана емес, таяу және алыс шетелден қонақтардың келуі жоспарлануда.

Мерекелеу аясында ұйымдастырылатын іс-шаралардың ауқымы мен жоғары тартымдылығын ескере отырып, осы жылы оларды шет елдерде жарнамалау бойынша ауқымды ақпараттық-имидждік жұмыстар өткізілді.

Астананың 20 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шараларға билеттердің сатылуы 2018 жылдың 21 мамырынан басталады.

Билеттерді www.topticket.kz сайтында және төмендегі сату орындарында сатып алуға болады:
1. «Астана» концерт залы (Кенесары көшесі, № 32);
2. «Жастар» сарайы (Республика даңғылы, № 34);
3. «Керуен» СОСО (Достық көшесі, № 9);
4. «Keruen city» СОСО (Қорғалжын тас жолы, № 1).

Дерек көз: madeniet-sport-astana.kz