Астанада балаларды қорғау күніне орай көптеген мерекелік шаралар өтеді

Елорданың сауда ойын-сауық орталықтары Халықаралық балаларды қорғау күніне орай кішкентай бүлдіршіндерге арнап бірқатар мерекелік шараларды өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасына сілтеме жасап.

Астананың онға жуық сауда ойын-сауық орталығында 1 маусым күні аниматорлардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасын өткізу жоспарланып отыр: балаларға арналған тақырыптық тегін шеберлік сыныптар, аквагрим, көпіршіктер шоуы, шар тарату, балалар әндерінің марафонын және т.б. шараларды өткізу жоспарланған.