Гүлнұр Оразымбетоваға 40 сұрақ

Танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова Қазақ радиосы «136 сұрақ» бағдарламасында әсерлі жауап берген 40 сұрақ.
  1. Өзіңізді үш сөзбен сипаттасаңыз?Ақылдымын, тәртіптімін, сабырлымын.
  2. Үнемі өзіңізбен алып жүретін 3 зат? – Телефон, бір үзім нан, әтір.
  3. Сіздің сүйікті сөзіңіз? – Бәрі жақсы болады.
  4. Ұнатпайтын сөзіңіз? – Ертең.
  5. Достарыңыздың сізге қойған лақапаты? – Антена.
  6. Жасырын қабілетіңіз? – Тоқыма тоқи аламын.
  7. Сүйікті жыл мезгіліңіз? – Көктем.
  8. Соңғы барған еліңіз? – Түркия.
  9. Барғыңыз келетін қала? – Израиль.
  10. Өзіңізді еркін сезінетін қала? – Астана.
  11. Өзіңіздің бойында жоқ, бірақ, бар болғанын қалайтын өнер түрі? – Гитарамен ән айту.
  12. Егер сіз жануар болсаңыз, қай жануар түрі болуды қалар едіңіз? – Қозы.
  13. Әнші ретінде өзіңізді 1 мен 10 беретін бағаңыз?– 9
  14. Тележүргізушілік қабілетіңізге 1 мен 10 аралағында беретін бағаңыз? – 7.
  15. Кімнен сұхбат алар едіңіз? – Құман Тастанбеков.
  16. Отандық сүйікті әншіңіз? – Жанар Дұғалова.
  17. Ешкімге айтпаған сырыңыз бар ма? – Бар.
  18. Сүйікті фильміңіз?«Брат или брак».
  19. Жалғыз уақыт өткізуді ұнатасыз ба? – Иә, ұнатамын.
  20. Сырласыңыз кім?Өзім.
  21. Нені кешіре алмайсыз? – Сатқындықты.
  22. Бүгінгі күннің батыры? – Елбасы.
  23. Махаббат бір сөзбен?Құпия.
  24. Достық бір сөзбен? Сатылмайды.
  25. Нағыз әнші?Бүкіл әлем танитын адам.
  26. Өтірік бір сөзбен? – Өрге баспайды.
  27. Шындық бір сөзбен? – Шындық көп, ақиқат біреу.
  28. Кімнен автограф алдыңыз? – Рамазан Стамғазиев.
  29. Сізге ұсыныс жасап, бірақ сіз бас тартқан әнші? – Көп.
  30. Кіммен сэлфи жасағыңыз келеді?Селин Дион.
  31. Қай ғасырда өмір сүргіңіз келеді?Осы ғасыр.
  32. Сүйікті мақалыңыз? – «Кең болсаң кем болмайсың».
  33. Сүйікті тағамыңыз? – Палау.
  34. Сүйікті гүліңіз?Раушан.
  35. Сүйікті түсіңіз?Ақ.
  36. Қар әлде жаңбыр? – Қар
  37. Кімді көп сағынасыз? – Әжемді.
  38. Соңғы оқыған кітабыңыз? – Қара өлеңдер.
  39. Сіз үшін қартаю қорқынышты ма, өлім қорқынышты ма? – Екеуі де.
  40. Өзіңізге айтар тілегіңіз? – Жылама, қамықпа, сен мықтысың!