Әлемдегі қызықты ақпараттар

Әлемде күніне 33 жаңа өнім шығады, оның 13-і ойыншықтар екен.

Қала тұрғындары бүкіл өмірінің 2 аптасын, бағдаршам түсінің ауысқанын күтумен жұмсайды екен.

Жылына адам қабырғасы 5 миллион рет қозғалады.

Әлем халқының 70%-дан астамы телефон қоңырауын естімеген. Африкада 40 адамның біреуінде ғана телефон бар екен.

Әлемдегі спорт жайлы қызықты ақпарат:
Италияның Асти қаласында өткен жолдастық матчта жергілікті команданың шабуылшысы Маскио допты тебе алмай, аяғы жерге тиген. Қатты тепкені сонша жарақаттанып қалған. Кейін, зерттеушілер футболшы тепкен жерді зерттеп, нәтижесінде тарихи маңызды қаңқа тауып алған. Соның арқасында Маскиоға қаржылай сыйақы мен «археологиялық зерттеуге көмектескені үшін» сыйлық берілген.

Колумбиялық наркобарон Пабло Эскобар қызын жылыту үшін 2 миллион ақша өртеген.
Эскобар биік тау шатқалдарында жоғарғы билік өкілдерінен қашып жүрген. Қызының гипотермиямен ауыратынын білген кезде, наркобарон 1 миллион 964 мың долларды өртеп жіберген.

Әйгілі репер Кэни Уэсттың концертіндегі ауаны EBay аукционында сатылымға қойды. Сатушы концертте алдыңғы қатарда болған. Тауардың 1 апта бұрынғы бағасы 5 долларды ғана құрағанымен, 1 қалташадағы ауаның құны 60 мың долларға дейін жетті,- деп хабарлайды The Independet.