Түркияның жергілікті тұрғындарының түрлі мінез-құлықтары мен әдет-ғұрыптарына дайын болу үшін бұл ел жайлы нені білу керек? Біз сіздер үшін ең маңызды және ең қызықты ақпараттар легін ұсынамыз.
- Түркияда грек, рим, византия және түрік мәдениеттері дамыған.
- Түркияның 97% - ы Азияның Кіші Азия түбегіндеорналасқан, ал 3% - ы Еуропа аумағында.
- Түркияда алғаш рет Жоғарғы Соттың судьясы әйел болған.
- Саудагерлердің шығынын өтеу мақсатында Селюджук түріктер тарихта бірінші болып мемлекеттік сақтандыру жүйесін құрды.
- Түркияның ең танымал сувенирлері — бұл феска және көз тиюден қорғайтын "Nazar Boncugu"амулеті. Ол көз сияқты домалақ көгілдір түсті.
- Түрік тілінде латын әліпбиі пайдаланылады. Бірақ, онда "Q", "W", "X" әріптері жоқ.
- Пергаментті Пергам патшалығында ойлап тапқан. Ол қазіргі Түркия аумағы.
- 1934 жылға дейін түріктердің тегі болмаған. Тектің заңы қабылдануымен, олар өз тектерін кәсібіне сәйкестендіріп қоятын болған.
- Ресми 3.5 млн түрік Германияда тұрады.
- Түркияда ерекше майлы күрес түрікеңінен таралған. Палуандар былғары дамбал киіп, үстіне зәйтүн майын жағып барып күреседі екен.
- Әлемдегі ең үлкен алмаз – Кашикчи алмазы. Ол Стамбулдың Топкапы сарайына орналасқан.
- Түркияда көшірмелердің түп нұсқадан төрт айырмашылығы бар болса, заң бойынша тексерілмейді.