Жандосқа жәрдем берейік!

Қазақ радиосының "Жан жылуы" хабарына Ақтөбе қаласының тұрғыны, 3 баланың анасы Алтынгүл Тектіғұлова тұңғышы Жандосқа көмек сұрап келді.

Ұлы Жандос 10 жаста, ол туғаннан сал ауруына шалдыққан. Жандостың сөйлеу қабілеті жақсы дамыған, бәрін түсінеді. Үйден оқып, биыл 3-сыныпты тәмамдады. Тек, аяғын басып жүре алмайды. Қазір Астана қаласындағы Балаларды оңалту орталығынан ем қабылдап шықты.

Аяғы қимылдамағандықтан,  бойы өскен сайын сіңірлері тартылып қалады. Сол сіңірлерді жұмсартып, қиымылын икемге келтіру үшін арнайы екпе алу керек. Екпе жылына төрт рет салынады. Төрт екпенің біреуі ғана мемлекеттік квотамен тегін беріледі. Қалған үшеуін ата-ана өз қаражатына алады. Бір екпенің құны 210 мың теңге тұрады. Қарапайым тіршілік кешіп жатқан отбасына бұл қаражатты жинау қиын. Такси жүргізушісі болып жұмыс істейтін отағасының тапқан ақшасы  азық-түліктен артылмайды. Алтынгүл Жандостың денсаулығына байланысты үйде отыр.

Құрметті тыңдарман, тілегін арқалап келген анаға қолдау білдірейік.

Алтынгүл – ешқандай қиындыққа қарамай, баламды қайтсем де аяққа нық тұрғызамын деп күресіп келе жатқан батыр ана. Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды, көп болып қолдау білдірейік!

Алтынгүл Тектіғұлованың атына ашылған есепшот:

Халық банкі: 6762 0035 0029 3492

ЖСН: 8009 0440 2232