Тоқсын Құлыбеков қазақ сатриасына өлшеусіз үлес қосты. Өзі де әзіл-сықақтар жазды. Ол «Тамашаның» тарланы ретінде көпшіліктің жүрегін жаулап алған талант иесі. Өкінішке орай Тоқсын небәрі 47 жасында дүниеден мезгілсіз өтті.
Бүгін сағат 15:10-да Қазақ радиосының эфиріне шығатын "Дәуір үні" хабарынан сіздер Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, актер, «Тамашаның» тарланы Тоқсын Құлыбековтың «Алтын қордағы» дауысын тыңдай аласыздар.