Музарт тобының орындауындағы «Таң сыры» әнінің
тарихын Қырғыз елінің әртісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі,
Тоқтағұл атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты «Манас» орденінің
ковалері Саламат Садыкова Шалқар
радиосының «Таңжарық» бағдарламасында айтып берді.
«Таң сыры» аңызға
айналған жырлардың бірі. Бір қызығы таң сырының сөзін жазған адам ақын емес. Ол
белгілі архитектор. Әнге арқау болған қырғыздың сұлу қызы. Ол қызға қырғыздың
үш азаматы сезімін білдіріп, ғашық болады. Ал, қыз әкесінің қызметіне
байланысты 15 жылға Жапон еліне кетеді. Сол 15 жыл аралығында сезімге берік
болған бір-ақ азамат қыз елге оралғанда оның қилы тағдырына қарамастан жар етіп
алады.
Әнін жазған
қырғыздың белгілі композиторы Қырғыз Республикасының әртісі, «Тоқтағұл»
атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері Сардарбек Жұмалиев. Қазіргі таңда қырғыз
мемлекеттік филармониясында қызмет етеді», - деді әнші.
Қазақ радиосының штаттан тыс қызметкері,
Әйгерім Рақымжанқызы.