Криштиану Роналду – Ювентус ойыншысы

Алтын доптың 5 дүркін иегері, 9 жыл ішінде мадридтік «Реалдың» аңыз ойыншысына айналған Криштиану Роналду туриндік «Ювентуске» ауысты.

Португалдық спортшының құны 100 млн еуроға бағаланды. Ал, ойыншының жылдық қаламақысы 30 млн еуро.

Криштиану 2009 жылы «Манчестер Юнайтедтен» «Реалға» 93 млн еуроға көшкен болатын. Испандық клубтың сапында Роналду қанжығасына 15 жүлде байлады.

УЕФА Чемпионадар лигасы – 4, Испания чемпионаты – 2, Испания кубогі – 2, Испания суперкубогі – 2, УЕФА суперкубогі – 2, клубтар арасындағы әлем чемпионаты – 2.

Роналду Реал сапында 438 ойын өткізіп, 450 гол соқты. Бұл клубтағы ең үздік көрсеткіш.

Ювентус футболшыны көпшілікке 21 шілдеде таныстыруды жоспарлап отыр.