Әлемдегі ең үлкен радио жүйесі

Файяз Шаxрияр  бастаған «All India Radio» компаниясының басшылығы «Қазмедиа орталығында» өтіп жатқан «Азия медиа диалогы» халықаралық форумы аясында «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС Бас директоры Мәди Манатбекұлымен іскерлік кездесу өткізді.

«All India Radio» Үндістанның ұлттық радиоxабар таратушысы. Бүгін компанияның басшысы «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС Бас директоры Мәди Манатбекұлымен туризм және ұлттық музыка саласында жұмыс істеу мүмкіндігін талқылап, радио әкімшілігін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою үшін Үндістанға шақырды. «All India Radio» жүйесі әлемдегі ең үлкен радио желі. 


Аталған компанияның негізі 1919 жылы қаланған. «All India Radio» компаниясында бүгінде 265 мулти арналы радио, соның ішінде қысқа толқынды, ультра қысқа толқынды 423 FM радиосы және интернет кеңістігінде жұмыс істейтін радиолар бар. Радио желі ел аумағының  92%, xалқының  99,19%  қамтиды. Компания 23 тілде және 179 диалектіде xабар таратады. Әлемдегі ең үлкен радио жүйесінде 29 мың қызметкер жұмыс істейді.


Үндістаннан келген қонақтар «Азия медиа диалогы» халықаралық форумының ұйымдастырушылары: «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС, Азия-Тынық мұхиттық хабар тарату одағы және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне алғыс білдірді.