McDonald's өнімі ешқашан бұзылмайды

Онтарио қаласының тұрғыны Дейв Александрдың 2012 жылы McDonald's - тен сатып алған чизбургері 6 жыл бойы бұзылмай сақталған.

Александр, «McDonald's өнімі ешқашан бұзылмайды» деген пікірді тексеру үшін 2012 жылы сатып алған чизбургерін кабинетінде сақтаған. Арада 6 жыл өткен соң чизбургердің бұзылмағаны анықталды. Сатып алушы чизбургерді 29 долларға бағалап, аукционға қойды. Оның бағасы 150 долларға дейін көтерілгенімен, интернет-аукцион желісі чизбургерді сатуға тыйым салып отыр.

Ақпарат Қазақ радиосының «Аң-таң» бағдарламасында айтылды.