Отыз секундта дүкен тонаған қарақшылар

Уфа қаласында, ұялы телефон сататын дүкендердің біріне қарақшылар шабуыл жасап, iPhone телефонының 14 қорабын  алып қашқан.

Дабыл пульт арқылы полиция қызметкерлеріне түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері есіктің бұзылғанын, сөренің бос қалғанын көреді.Қарақшылар бұл ойларын небәрі 30 секунд ішінде жүзеге асырған. Алайда, тексеріс барысында белгілі болғандай, қораптар бос екен. Осылайша қарақшылар 14 iPhone емес, 14 бос қорап иемденге болып шықты.

Ақпарат Қазақ радиосының «Аң-таң» хабарында айтылды.