Бесем дүниеге келді

Бесемнің екеуі ұл, үшеуі қыз.

Джейми мен Скайлердің екі баласы бар. Уақыт өте келе келіншектің денсаулығы сыр беріп, үшінші баланы дүниеге әкелу үшін жасанды жолмен ұрықтандыруға келіседі. Тексеріс нәтижесінде құрсағында бес эмбрион бары анықталады. Бұл ерлі-зайыптылар үшін тосын жайт еді. Босану уақыты 33-аптаға жоспарланғанымен, 21-аптадан бастап толғақ белгілері байқала бастайды. «Дәрігерлер балаларды аман алып қалу мүмкін емес деді. Бірақ, бесем өмірге келді. Емханада 8 апта жаттым», - дейді анасы.

Ақпарат Қазақ радиосының «Аң-таң» хабарында айтылды.