Samsung Galaxy Note 9 нарыққа шығарылады

Әлеуметтік желілерде Samsung Galaxy Note 9-дың суреті жариялана бастады. 

Жаңа смартфон бір айдан соң нарыққа шығарылмақ.

Samsung Galaxy Note 9 сырттай қарағанда Galaxy Note 8-ге ұқсайды. Сыртқы пішінінің айырмашылықтары тек орталыққа ауысатын саусақ ізі сканерінде ғана байқалады.
Ішкі ерекшеліктеріне келетін болсақ, жаңа чип және батареясы басқаша, яғни оның қуаты 4000 МА / сағ құрайтын болады.

Samsung Galaxy Note 9-дың құны инсайдерлердің бағалауы бойынша, базалық нұсқасына 6 Гбайт жедел жады және 128 Гб ішкі жады орнатылғандықтан құны 1158 АҚШ долларын немесе 990 еуроны құрайды.

Сондай-ақ, болашақта Samsung смартфоны ыңғайлы аккумулятормен жабдықталады.



Дереккөз: phonearena.com