Трамп пен Путин Хельсинкиде кездесті

АҚШ және Ресей басшылары Хельсинкидегі президенттік сарайда кездесу өткізеді.

16 шілдеде Финляндия астанасы Хельсинкиде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин арасында кездесу өтті. Көшбасшылар арасындағы келіссөз шамамен бір жарым сағатқа созылды.

Осылайша, Трамп пен Путиннің кездесуі бүгін 13: 20-да президент сарайында басталып, 14: 50-де аяқталады. Ал 14: 50-де басталатын АҚШ пен Ресей делегацияларының кеңейтілген келіссөздері түскі ас кезінде де жалғасады.

16: 50-де осы кездесуге байланысты баспасөз мәслихаты өтеді.

Трамп Хельсинкиде Финляндия президенті Саули Нийнистеспен де кездесеті деп күтілуде.

16 шілде Трамп Хельсинкиден Вашингтонға ұшады.


Дереккөз: korrespondent.net