Audi компаниясы айнасыз көлік шығарады

Таяуда әлемдік көлік нарығындағы немістің Audi компаниясы жаңалық жасады. Яғни, көліктегі қос қапталдағы айнаның орнына камера орналастырды. Көлік иесі артқы көріністі есктегі 7 дюмдық экраннан бақылай алады.

Сонымен қоса камераның смартфонға арналған қосымшасын жүктеп, телефоннан да қарап отыруға мүмкіндік бар. Жаңа технология алдағы уақытта шығатын Audi E-tron электр көлігіне енгізілмек. Жаңа айнасыз көлік биылғы жылдың соңында немесе 2019 жылдың алғашқы айында сатылымға шығады деп жоспарланды.

Жаңалық Қазақ Радиосының «Су жаңа» хабарында айтылды.