Елордада мүмкіндігі шектеулі жастар арасында спорттық жарыстар басталды

«Қазақстан студенттер альянсы» және  мүгедектер бірлестігі Қоғамдық даму істері басқармасының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі жастар арасында спорттың 9 түрінен жарыстар өткізеді. 

Спорт дисциплинасының ішіне мыналар кіреді: шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, армрестлинг, арқан тарту, пауэрлифтинг және т.б.

Жарыс Астананың 20 жылдығына арналады, ал мақсаты мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылық әлеуетін іске асыру және оларға қолайлы орта жасау. Спорттық сайысқа 100-ден астам адам қатысады деп жоспарланған. Әрбір қатысушы бағалы сыйлықтармен, алғыс хаттармен марапатталады.

Спорт сайысы 2018 жылдың 18 шілдесінде сағат 09:00-де «Алау» мұз айдынында өтеді. Мекенжайы: Қабанбай батыр, 47.

Дереккөз: astana.gov.kz