Екі қабатты электронды автобус жасалады

Калифорния тұрғындарын Enviro500 екі қабатты электронды автобусы тасымалдайды.

Америкалық әзірлеушілер Proterra мен Alexander Dennis 2019 жылдан бастап Калифорнияда жолаушылар тасымалдайтын толық екі қабатты электронды автобус жасайды. Enviro500 екі қабатты электронды автобусы  55 шақырымға дейін 140 адамды тасымалдайды. Автобусқа тапсырыс беруші Foothill Transit көлік компаниясы 2030 жылға қарай барлық автобустарын электрондық автобустарға ауыстырмақ.

Ақпарат Қазақ радиосының «Қай тех?» хабарында айтылды.