Құрылғыларды зарядтайтын көміртекті киім

Көміртекті мата жақсы өткізгіштігінің арқасында бірнеше құрылғыны зарядтай алады.

АҚШ-тың Цинциннати университетінің инженерлері электронды құрылғыларды зарядтайтын көміртекті киім әзірлеуде. Инновациялық материал вакуумдық камерада кварц кремнийлі тақталарында шығарылатын көміртекті нанотрубалардан тұрады.
Нәтижесінде, олар тоқыма шаңын қалыптастырады, оны әртүрлі маталарға айналдыруға болады. Көміртекті мата жақсы өткізгіштігінің арқасында түнгі көру мен GPS-құрылғыларын, сондай-ақ, смартфонды зарядтауға қабілетті және өте берік. Көміртекті киімге Америка әскері қызығушылық танытты.

Ақпарат Қазақ радиосының «Қай тех?» хабарында айтылды.