Қазақтың қоржынында тағы бір жүлде!

Витебскіде өткен «Славян базары-2018» балалар фестивалінде 7 жасар Әбілқайыр Жұмабай 3-орынды иеленіп, жеңіспен оралды.

Әлемнің 16 елінен үміткерлер қатысқан байқаудан жүлделі оралған Әбілқайыр ұстазымен бірге Қазақ радиосы «Армандастар» хабарының қонағы болды.

«Біз бұл байқауға тоғыз ай бойы дайындалдық. Бағдарламамызға ұлттық әніміз бен итальян тіліндегі әнді таңдадық», - дейді Әбілқайырдың ұстазы Қалбибі Абдуллаева.

Әбілқайыр байқауда халық әні «Қарағым-ай» мен итальян тіліндегі «Мелодрама» әнін орындады.

 «Славян базары – 2018» балалар фестивалінде қазылық еткен Димаш Құдайбергеннің: «Әлі талай байқауларға қатысып, жеңімпаз атанасың!» деп жеткізген жүрекжарды тілегін Әбілқайыр қуанышпен айтты.