19 жасар шабуылшы сыйақысын мүгедек балаларға аударады

Франция ұлттық құрамасының 19 жасар шабуылшысы Киллиан Мбаппе әлем чемпионатында жүлделі орындар үшін алған сыйақысын Premiers de Cordee ұйымына береді. Бұл ұйым мүгедек балаларды емдеумен айналысады. Мбаппе бұл қормен ынтымақтастығын 2017 жылы бастаған.

Әлем чемпионаты басталмай тұрып: "Бізге бұл орта мен ойыншы жайлы енді хабарлады. Бірден болашақты болжағымыз келмейді. Өйткені, қаражат Франция  құрамасы  2лем чемпионатының 1/4 кезеңіне шыққан жағдайда ғана төленеді. Бірақ, Килианның шешімін естіп қуанып отырмыз. Біз демеушілерімізден ешқашан ақша сұрамаймыз", – деді қордың Бас менеджері Себастьян Руффе.

L ' Equipe есебі бойынша, ұйымға берілетін қаржы шамамен 440 мың еуроны құрайды. (Бір ойын үшін 20000 және турнирдегі жеңісі үшін 300000 беріледі).

Әлем чемпионатында Киллиан Мбаппе Франция құрамасының сапында 4 гол соғып, турнирдің ең үздік жас ойыншысы атанды.