Астанада жаңа теннис орталығы пайда болады

Елордада жаңа теннис орталығы пайда болады. Бұл жайлы Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Доскараев баспасөз маслихатында хабарлады.

"Жобаның құжаттамасы бекітілді. Астанада екінші теннис орталығын салу үшін тендер өткіздік. Шамамен екі ай ішінде жобаның құрылысы басталады. Ол Бауыржан Момышұлы көшесіндегі Жерұйық-2 саябағында салынады. Бұл аумақта астана әкімдігі тұтас спорт алаңын құруды жоспарлап отыр. Теннис федерациясы саябақ аумағында теннис орталығы ашылуы үшін өтінішті алғашқылардың бірі болып берді.  Орталықтың ашылуы 2019 жылдың сәуір-мамыр айларында өтеді. Бұл кешенді Канададағы теннис орталығына ұқсатып саламыз", - деді Диас Досқараев.

Жобаның құны шамамен 3 млрд теңге.