Мексика президенті өз еңбекақысын қысқартатынын айтты

Мексиканың жаңа президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор айына 5,7 мың доллар еңбекақы алады. Бұл бұған дейінгі президенттердің айлық табысына қарағанда 40 пайызға аз.

Андрес Мануэль Лопес Обродордың айтуынша, инаугурациядан кейін, яғни, болашақта ол айына 108 мың песо (шамамен 5,7 мың доллар) еңбекақы алады.
Ал бұған дейін, Лопес Обрордор бірде-бір мемлекеттік қызметші президент айлығынан артық мөлшерде еңбекақы алмайтынын хабарлады.

«Менің еңбекақым қазіргі уақытта Пенья Ньето алатын еңбекақысынан 40 пайызға аз»,- деді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, дәл қазіргі кездегі Мексиканың президенті Энрике Пенья Ньетоның айлық жалақысы 270 мың песо (14,2 мың доллар).

Мексиканың жаңа президенті өз қызметіне осы жылдың желтоқсанында кіріседі және елді 2024 жылға дейін басқарады.


Дереккөз: korrespondent.net