FIFA «QAZAQSTAN» және «QAZSPORT» телеарналарына алғыс білдірді

Ерлан Қарин: «Ресейдегі әлем чемпионаты барша футболсүйер қауым үшін маңызды да, қуанышты оқиға».

Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде FIFA-2018 футболдан әлем біріншілігінің қорытындысына арналған баспасөз маслихаты өтті. Шараға «QAZAQSTAN» телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы Ерлан Қарин мен «QAZSPORT» телеарнасының директоры Павел Цыбулин қатысты.

«QAZAQSTAN» және «QAZSPORT» телеарналары әлем чемпионатының барлық 64 матчын тікелей эфирде көрсетті. Әрбір ойынның орташа аудиториясы шамамен жарты миллионға жуық көрермен жинады. Чемпионатта ең жоғарғы көрсетілім жинаған Ресей - Хорватия кездесуін 339 455 адам тікелей эфирде тамашалады. Ал, Ресей - Сауд Арабиясы арасындағы жаһандық доп додасының әлқисса ойынын 16 819 адам LIVE режимінде көрген.