Шоколадтың ақшасын араға 43 жыл салып төледі

«Бала күнімде Woolworths дүкенінен екі шоколад ұрладым. Жасаған ұрлығым үшін кешірім сұраймын және ұрланған шоколадтың ақшасын қалдырамын»

Ұлыбританияда ересек адам 43 жыл бұрын ұрланған шоколадтың ақшасын қайтарды. Оның жазып қалдырған хаты Twitterдегі дүкеннің ресми парақшасында жарияланды. Хатта: «Бала күнімде Woolworths дүкенінен екі шоколад ұрладым. Жасаған ұрлығым үшін кешірім сұраймын және ұрланған шоколадтың ақшасын қалдырамын», - деп жазылған.