Мәселені шешкен тиын

Бүк түссе - қамау, шік түссе - еркіндік.

АҚШ-тың Джорджия штатындағы Розвелл қаласында екі полиция қызметкері жол ережесін бұзған жүргізушіге қандай жаза қолданарын тиын лақтыру арқылы шешкен. Полиция қызметкері Кортни Браун Сара Вебб есімді жүргізушіні жылдамдықты арттырғаны үшін тоқтатқан.

Осыдан кейін Браун, серіктесі Кристи Уилсоннан: ереже бұзушыны қамауға аламыз ба, әлде айыппұл жазамыз ба деп сұраған. Ақырында полиция қызметкерлері мәселені тиын лақтырып шешті.

Бүк түссе - қамау, шік түссе - еркіндік. Нәтижесінде тиын шік түсті. Жол сақшылары жүргізушіні сонда да қамауға алды.
Розвелл қаласының полиция басшысы Русти Грант оқиға туралы білгеннен кейін ішкі тергеуді бастады.