Баянауылға ұшақ бағыты ашылады

Астана-Баянауыл, Алматы-Баянауыл, Павлодар-Баянауыл жаңа әуе бағыттары келесі туристік маусымда ашылатын болады.

Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы жергілікті аэдром қажетті құрылғылармен қамтамасыз етіледі. Жолаушыларға тиісті қызмет көрсету мақсатында 200 шаршы метрлік жаңа ғимарат құрылысы жоспарға енгізілді. Сонымен қатар, курорттық аймақтың ұшып-қону алаңы жаңартылуда.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР ИДМ Азаматтық авиация коммитеті еліміздің жергілікті әуе желілерін дамыту жұмыстарын бастап кетті.