Грузин ұлттық балеті Астанада

«Сухишвили» грузин ұлттық балеті қыркүйекте «Астана Балет» театрында өнер көрсетеді.
Белгілі би ансамблі 1945 жылы құрылған. Аталған өнер ұжымына Сухишвили әулеті 70 жылдан астам уақыт бойы басшылық етіп келеді.
Өз жұмысын 35 адамнан бастаған ұлттық балеттің құрамында бүгінде 500 бишімен қоса жекеменшік оркестр жұмыс істейді.
Әсерлі қойылымдарымен танылған өнер ұжымын халықаралық баспасөз өкілдері «әлемнің сегізінші кереметі» деп атап кеткен. Бүгінге дейін  ансамбль 250-ден астам турнеге қатысып, 12300 рет концерт берді. Олар осы уақытқа дейін әлемнің түкпір-түкпірінде 7 миллионға жуық көрерменге өнер көрсеткен.