«Шалқар» радиосының таралымын кеңейту жұмыстары толық аяқталды

Бүгін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында еліміздің шекаралық аймақтарындағы отандық радио хабарларын тарату мәселесіне байланысты мәлімдеме жасады. 

 

«Біздің министрлік құрылған уақыттан бері ел тұрғындары мен депутаттар еліміздің шекаралық аймақтарындағы отандық радио хабарларын тарату мәселесін шешуімізді сұрап көптеген өтініштер жолдады. Бұл мәселені шешуге біраз уақыт керек еді. Биылғы жылдың маусым айында Түркістан облысы Түлкібас пен Сайрам аудандарының 72 елді мекенінде, сондай-ақ, Арыс қаласында «Шалқар» радиосының таралымын кеңейту жұмыстары толық аяқталды. Бұл алғашқы қадамдардың бірі ғана. Алдағы уақытта шекаралық аймақтарда отандық радио хабар тарату жұмыстарын жалғастыра береміз»,-деді.