Шие мен қызыл шиенің адамға берер пайдасы қандай?

Шие мен қызыл шие – қоректік құндылығы бар төмен калориялы жеміс. Қышқыл және тәтті жемістерді таңғы, түскі және кешкі астардан кейін тұтынғаныңыз абзал. 

Бір маусымда шие мен қызыл шиенің 5 келісін жесеңіз, ағзаңызды қажетті дәрумендер мен микроэлементтерге байытасыз.

Денсаулық сақтаудағы артықшылықтары:

Шие мен қызыл шиенің салдарында жүйке - жүйенің толыққанды жұмыс істеуіне қажетті, тері, шаш және тырнаққа пайдалы В тобындағы витаминдер, көздің көруін жақсартатын, тіс пен сүйекті қатайландыратын темір және фолий қышқылы, ағзаны инфекциялар мен вирустардан қорғайтын және қартаюды тежеттіретін С витамині бар.

Жемістердің жапырақтарының да адамға берер пайдасы мол. Себебі, бұл жемістердің жапырақтарында бактериялардың көбеюін залалдандыратын көптеген фитонцидтер бар. Бірнеше жапырақ консерванттың ұзақ сақталуына кепіл бола алады.

Егер, дене бітіміңізді бірқалыпта ұстағыңыз келсе, тамақтану алдында бірнеше шие немесе қызыл шие жеуге кеңес береміз. Бұл жемістің құрамында 100 калорияның 54-і бар.

Қызыл шие мен шие құрамындағы Е және С дәрумендері қартаю процесін баяулатады, оған қоса Альцгеймер және Паркинсон ауруларының алдын алып, қатерлі ісік ауруын асқындырмайтын бөлшектер бар.

Кеңесіміз керегіңізге жарасын.

Ақпарат Қазақ Радиосының «Керек дерек» бағдарламасында айтылды.