Халықаралық шахмат күні

Әлем бойынша 1966 жылдан бері 20 шілдеде Халықаралық шахмат күні атап өтіледі. Бұл мереке 1924 жылы Парижде құрылған (FIDE) Дүниежүзілік шахмат федерациясының  шешімімен бекітілген.


FIDE - әр елдің ұлттық шахмат қауымдастықтарын біріктіретін халықаралық үкіметтік емес спорт ұйымы. Бүгінде оның құрамына 188 ұлттық федерация кіреді.

FIDE іс-шаралары бүкіл әлем бойынша шахматты таратуға және дамытуға, сондай-ақ шахмат мәдениеті мен деңгейін көтеруге бағытталған.

Шахматтың отаны – Үндістан. Ойынның атауы парсының «шах мат – билеуші ​​өлді» деген сөзінен шыққан. Логикалық ойынның түп негізі  – Чатуранга ойыны V-ғасырда пайда болды.