Азия чемпионатында 16 медаль олжаладық

Нью-Делиде өткен күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.

 

Бірнеше күнге созылған балуандар бәсекесінің соңғы екі күнінде еркін күрес шеберлері 10 салмақ дәрежесі бойынша мықтыларды анықтады. Финалдық белдесуде өзбекстандық балуаннан 4:6 есебімен жеңілген Талғат Сырбаз (61 келі) дәрежесінде, ирандық қарсыласына 1:6 есебімен жол берген Серік Бақытжанов сынды отандастарымыз (97 келі) дәрежесінде күміс медальге ие болды.

 

Сондай-ақ, Нұрқожа Қайпанов (70 келі), Ерғали Әлішеров (92 келі), Омар Эюбов (125 келі) дәрежесінде қола медальді иеленді.

Командалық есепте Иран, Үндістан, Өзбекстан үздік үштікті құраса, төртінші сатыға жайғасқан Жапониядан кейін Қазақстан бесінші орынға табан тіреді.


Сайыс қорытындысы бойынша, қазақстандық балуандар 3 алтын, 2 күміс, 11 қола медальды ел қоржынына салды. Оның 2 алтын, 5 қола медалін грек-рим күресінің балуандары жеңіп алды. Қыздардың еншісінде 1 алтын, 3 қола медаль бар.