«Квест»-тен жертөлеге дейін

Алматыда квест ойнап жүрген бір топ бала жертөлеге құлап кетті.

Квест ойынының шартын орындаймыз деп 7 жасөспірім ескі ғимараттың жертөлесіне құлап, қалалық ауруханаға түсті.

Оқиға Наурызбай ауданының Кенесары хан, 67-ғимарат мекенжайындағы кооперативті техникумның бұрынғы ғимаратында болған.

«Үш қабатты ескі ғимараттың бірінші қабатының едені қопарылып кеткен. Нәтижесінде 7 адам жертөлеге құлап кетті. Ойынға қатысушылар ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар коммитетінің ресми өкілі.

Жасөспірімдер тиісті көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне қайтты.