Ерлан Орынбасаров & Баян Нұрмышева – Балапаным

Әні: Ерлан Орынбасаров 
Сөзі: Бақдаулет Арыстан 

Ғажап қандай бала деген байлығың,
Балаң барда ұмытылар қайғы-мұң.

Қайырмасы:

Ақ жүзі таңдай, әр сөзі балдай, тәтті қылығың-ай,
Аумайсың менен, асығып келем саған, құлыным-ай.
Күлші, күлші, күлші,
Тәй-тәй басып жүрші, тәтті балапан-ай.
Күлші, күлші, күлші,
Тек еркелеп жүрші, тәтті балапан-ай.

Балам, балам, сенен асқан тәтті кім?
Барым саған, сенсің нағыз шаттығым.

Қайырмасы:
Ақ жүзі таңдай, әр сөзі балдай, тәтті қылығың-ай,
Аумайсың менен, асығып келем саған, құлыным-ай.
Күлші, күлші, күлші,
Тәй-тәй басып жүрші, тәтті балапан-ай.
Күлші, күлші, күлші,
Тек еркелеп жүрші, тәтті балапан-ай.