Жанымыздан жиі табылатын заттардың
бірі ұялы телефон. Телефонның қуаты жиі таусылып, ыңғайсыздық тудыратын жағдайлар
жиі кездеседі. Сол себепті, телефон қуатының тез таусылмасын десеңіз:
1. Телефоныңызды 100%-ға дейін қуаттамаңыз
Сарапшылар батареяның қауіпсіздігі үшін қуаттың оңтайлы деңгейі 30% -дан
80% -ға дейін екенін айтады. Батареяны қалыпты деңгейде ұстап тұру үшін бір
күннің ішінде телефонды бірнеше рет қуаттаған дұрыс;
2. Телефоныңыз мүлдем сөніп қалмасын
Батарея қуатының өте аз болуы, әлеуетін азайтады.
Сарапшылар батарея қуатын екі айда бір рет ғана 0% - ға жеткізуге болатынын
ескертеді. Бірақ, мұндай жағдайға дейін жиі жеткізбеген жөн;
3. Батарея қатты қызып кетпесін
Смартфондардың батареялары өте жоғары температураны көтере алмайды.
Телефонды аязда, яғни, 00С-тен төмен және 350С-тан жоғары
температурада қолданбауға тырысыңыз.
Смартфонды жазда терезеде, қыста көлікте ұмытпағаныңыз абзал;
4. Сымсыз қуаттағыштарды қолданбаңыз
Сымсыз қуаттағышты күнделікті қолдансаңыз, батарея тез қызып, оның салдары
аккумулятордың істен шығып қалуына әкеледі;
5. Телефон
қуатталғанда қызып кетпесін
Телефон қуатталып жатқанда жұмсақ көрпешеде тұрса, батареясы қызып кетуі
мүмкін. Телефонды үстелге қойып, жылу көздерінен алыс ұстаңыз;
6. Қосалқы телефон ұстағаныңыз абзал
Егер, сізде екі телефон болса, екіншісін қолдану арқылы біріншінің қуатын
үнемдеуге мүмкіндік аласыз. Қосымша телефон батареясының қуатын үнемі 50% - дан
жоғары болсын;
7. Басқа қуаттағыштарды пайдаланбаңыз
Адамдар көбінесе қуаттағыш құрылғының ең арзанын алады. Аккумулятордың
істен шығуына алып келетін осы арзан қуаттағыштар. Сол себепті, қуаттағыштың түпнұсқасын
қолданыңыз.