Биылғы жыл еншісіндегі
Талдықорған облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары ерекше мейірімді жандар. Олар балалар
үйіндегі жеті балапанға ата-ананың жан жылуын сыйлаған Кәрібаевтар жанұясы.
Екі ұл тәрбиелеп отырған Біржан мен Әлия өздерінің қазақ, орыс,
неміс ұлт өкілдерінің балаларын құшағына алып, үлкен әулетке айналып шыға
келді.
«Мерейлі отбасы» байқауының
жеңімпазы атанған мейірімді ана Әлия Кәрібаева: «Мен шынымды айтсам, қызым
болса деп армандайтынмын. Қыз баланы бауырыма басамын деп барып, 7 баланы алып
қайттым. Өйткені, бәрі сүйкімді, ешқайсысын бөле алмадым. Мен әр бала бақытты
жанұяда тәрбиеленсе деп тілеймін. Балапандарымның ең үлкені 15 жаста,
кішкентайы 5- те. Бала бауыр етім. Олардың болашағы үшін аянбай еңбек етеміз»,
- деп қуанышын жасыра алмады.
«Жетім көрсең жебей жүр» деп
халқымыз бекер айтпаған. Кешегі зұлмат соғыс кезінде де ата-ана қамқорлығынан
айырылған жандарға әр қазақ қамқор бола білді емес пе?! Ал сол ізгіліктің
сәулесін өшірмей, бейбіт заманда балапандардың бақытты ғұмыр кешуін тілеген бұл
отбасылар қандай құрметке де лайықты.
Толығырақ "Атымтай"
бағдарламасынан тыңдай аласыздар.