Бүгін түнде қазақстандықтар Айдың ең ұзақ тұтылуын тамашалай алады, -деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шілденің 27-нен 28-не қараған түні қазақстандықтар Айдың ең ұзақ тұтылғанын көре алады. Яғни, бұл процесс 3 сағат 56 минутқа дейін созылады.
Бұл құбылыс туралы астролог Арман Штатбаев айтып берген еді.
«Айдың тұтылғанына үрке қараудың қажеті жоқ. Алайда психикалық ауытқушылығы бар адамдардың бұл құбылысты тамашалауына болмайды. Мұның әсерінен олардың мазасы кетіп, күйзеліске ұшырауы мүмкін. Сондай-ақ, бұл күні маңызды шешім қабалдамағандарыңыз дұрыс. Кикілжіңге жол бермеңіз», - дейді Арман Штатбаев.
Астрологтар бұл құбылысты «қанды тұтылу» деп те атайды. Олардың айтуынша, Айдың тұтылуы Жер тұрғындарының өміріне әсер етуі мүмкін.
Сонымен қатар, ғалымдар бұл құбылыс 15-17 жылда бір кездеседі. Ендігі 2035 жылы тұспа-тұс келеді. Марсты жердегі телескоппен көруге мүмкіндік туады дейді.
Сондай-ақ, Петропавлда қызыл түске боялған Айды тамашалау үшін телескоп орнатылып та қойды.