Жоғары
қан қысымы, гипертония және жүрек ауруының қаупін азайту үшін мүмкіндігінше
тұзды аз тұтыну қажет екенін білеміз. Сондықтан, бұл ауруларды болдырмау үшін
ғалымдардың зерттеуі бойынша көп ірімшік тұтыну қажет.
Пенсильвания штатындағы университеттің зерттеушілері
сүт өнімдері, соның ішінде ірімшіктің құрамында тұз болғанымен, оларда қорғаныш
эффектісі барын айтты. Зерттеуші Лейси Александр бұл факт арқылы көптеген сүт
өнімдерін тұтынатын адамдардың қан қысымы төмен екенін тілге тиек етті.
Ірімшіктегі ақуыздар
мен қоректік заттар, тұздан туындаған қан тамырларындағы қысқа мерзімді
аурулардан қорғайды. Ғалымдар үш күндік аралықта бес рет ірімшік, тұздалған
сабан және соя ірімшігін еріктілерге ұсынып, жүрек-қан тамырларын тексерді. Ірімшікті
жеген адамның қан қысымы жақсарса, қалған өнімдерді тұтынғандардан еш өзгеріс
байқалған жоқ. Айта кету керек, барлық үш өнімде тұз мөлшері бірдей болған.