Ең тәтті қарбызды іздеген украиналықтар Херсон қаласында
«Қарбыз фестивалін» өткізді.
Биыл 15-ші рет ұйымдастырылған фестивальге облыс
өңірлерінің барлық шарулары ат салысты. Атап айтқанда, 30-ға жуық фермерлік
шаруашылық қатысты.
Осы жылы жасыл қарбыздың өлшемдері тұрғындарды
таңғалдыруда. Шарада қойылған кореялық – іші сары қарбызбен қоса, ақ түсті
қарбыз маусым жаңалығы болып отыр.
Биыл 25 келі тартатын қарбыз рекордтық нәтижені тіркеді.